Page 26 - Forever 77
P. 26
МАЙ 2021 СТАРШИЕ МЕНЕДЖЕРЫ
Қайырлы күн, Форевер жанұясы! Мен Диёр Умаров киелі Түркістан қаласының азама-
тымын. Жасым 25 те. Негізгі мамандығым бойынша дəрігер-терапевтпін. 2017 жылдың
тамыз айында тікелей спонсорым, досым Исламбек Дадажановтың шақыруымен Форе-
вер мүмкіншілігін бастадым. Баршаңыз білесіздер, студенттік кезеңде финанстық қысым
өте жоғары болады. 5 курс студенті болып Фореверді қосымша табыс ретінде бастадық.
Өнімдерді отбасымызбен қолдана отырып, сапасының өте жоғары екеніне көзіміз жетті
жəне осы мүмкіншілік жайлы айналамыздағы адамдарға айта бастадық. 2 айда супер-
вайзер статусына қол жеткіздік. Осы статуста жүріп, өзімізді дамытуға біраз уақыт бөлдік.
Жоғары спонсорларымыздың ұйымдастырған семинарларын, маркетинг обучениелеры
жəне ФЛП Қазақстан ұйымдастыратын семинарлардың бірде бірін босатпай, осы арқылы
бизнесімізді дамыта бастадық. Иə, осы аралықта бизнесте өте көп қиыншылықтар
болды. Көптеген адамдарда бізге деген сенімсіздік, бұл бизнестің біздің қарапайым
студенттердің, қолынан келуіне деген күмəндер өте көп болды. Тіпті 4-5 ай командамызға
бірде бір жаңа портнер қосылмаған, бір продукция сата алмаған уақыттарымыз болды.
Бірақ, қиын күндердің артынан Аллам жақсы, жеңісті күндерді бұйырып тұрғанына сенім
еш уақытта өшкен жоқ. 2019 жылдың мамыр айында компанияның Менеджер статусын
орындап шықтық. Араға тура 2 жыл салып Сениор Менеджер статусына қол жеткіздік.
Аллаға шүкір. Осы жетістікке жетуімде өзімнің тікелей спонсорым, досым Игл Менеджер
Исламбек Дадажановқа ерекше алғысымды айтамын. Бізнесте басқан əр қадамымыз
да біз үшін өздерінің ақыл-кеңестерін үнемі беріп отырған, барлық қиыншылық пен
қуанышта бізбен бірге болған жоғары спонсорларымыз Сениор Менеджерлер Ханали-
ев Ауез аға, Мухая апшеге, сондай-ақ бізді Фореверге қадам басқан күнімізден бастап,
осы уақытқа дейін бізге білім беріп, Форевердің əліпбиінен бастап үйретіп, осы дəрежеге
дейін бізді жеткізген жоғары спонсорларымыз Соринг Менеджер жəне Сениор Игл Ме-
неджер дəрежесіндегі Дулат жəне Айгүл Скаковтарға жəне де Сапфир дəрежелі Менед-
жер Ермек Бухаршин, Майра Омароваларға айтар алғысымыз шексіз. Сіздер өміріміздің
стилінің өзгеруіне себепші жансыздар. Достар, баршаңыз білесіздер Форевер бұл
командалық жұмыс. Осы сəтте артымыздан еріп келе жатқан, бірлігі жарасқан, мықты
лидерлерден құралған командамызға өз ризашылығымды білдіремін жəне командамыз-
бен ИншаАллаһ əлі талай Форевердің шыңдарын бірге бағындыруымызға мен сенемін.
Бұл біздің жеңісіміз, біздің жетістігіміз.
Достар, Фореверге тең келер мүмкіншілікті басқа сфералардан табу өте қиын. Фо-
ревер бұл тек сапалы өнім, жақсы маркетинг жүйесі ғана емес, бұл өзіңізге, ертеңгі
күніңізге деген сенім, əрқашан даму жəне арманыңызға апарар жол. Осы жолды дəл
спонсорларыңыз көрсеткендей жүріп отыратын болсаңыздар, Форевермен барлық
армандарыңыз орындалады. Қарапайым студенттер істей алған мүмкіншілікті сіз де
істей аласыз. Тек нақты шешім, өзіңізге деген сенім болса болғаны. Барлықтарыңызға
сəттілік! Go Diamond!
УМАРОВ ДИЁР
Сəлем, Форевер елі!
Біз, Алматы қаласынан Дастан Нысанов жəне Динара Зұлхарнай. 2020 жылы наурыз
айында карантин басталған уақытта белсенді түрде осы кəсіпкерлік түрімен айналысып
бастадық. Мен банк саласында юрист болып жұмыс жасайтынмын, ал Динара декреттік
демалыста еді. Қазіргі таңда осы кəсіпкерлік түрінен басқа, ешқандай жұмыс жасамай-
мыз. Форевер компаниясы бізге не берді? Компания бізге армандауды үйретті, өз-өзімізге
деген сенімділікті арттыруға көмектесті, өзгелердің өмірін жақсы жағына өзгертуге
мүмкіндік берді. Алла тағалаға Форевер компаниясымен танысуға нəсіп еткеніне шүкір!
Компанияның негізін қалаушы Рекс Моан мырзаға, жоғары спонсорларымыз Аттила мен
Каталин Гидофалви жұбына, жоғарғы жетекшілеріміз Бухаршин Ермек пен Омарова
Майра ханымға, Шушаев Қанат жəне Сара ханымға, осы кəсіпкерлікті жүргізу барысын-
да алдымыздан жол бастап, бағыт-бағдар беріп, тек бизнесте ғана емес, өмірлік тəлім-
тəрбие беріп жатқандарына мың алғыс!
Ерекше алғысымызды біздің тікелей жетекшілеріміз, əрі ата-анамыз Бодықов Мұрат
пен Ырзакүл ханымға айтқымыз келеді. Өміріміздің түбегейлі өзгеруіне əуелі Алла, одан
кейін өздеріңіз себепкерсіздер. Алланың ңұры жаусын! Əдетте, біз өз бостандығымызды
өзіміз шектеп, белгілі бір рамкаға салып қоямыз. Аяқ-қолсыз дүниеге келген, австралиялық
оратор Ник Вуйчич былай дейді: “Қиындықтар бізді сындыру үшін емес, керісінше, өз-
өзімізге деген сенімділікті арттыру үшін беріледі”. Ал сіз өзіңізді қандай рамкаға са-
лып қойдыңыз? Егер сіз бостандыққа ұмтылсаңыз, өзіңізге қойған рамканы бұзыңыз!
Мақсаттарыңызды айқындаңыз жəне соған жетуге ұмтылыңыз!
Бұл бизнесте маркетинг план бойынша жұмыс жасай отырып, өзіңізге ғана емес, со-
нымен қатар, командаңыздың əрбір мүшесі қалаған денсаулық, тəуелсіздік, бостандықты
сыйлай аласыз.
Ең үлкен марапат - ол өзгенің өмірінің жақсы жағына қарай өзгеруіне себепші
болуыңыз. Ал Форевермен ол марапатқа жетуге əбден болады!
ЗҰЛХАРНАЙ ДИНАРА, НЫСАНОВ ДАСТАН
26 Forever Август 2021